Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің жоғары IT колледж студенттері ұлы Абайға шығармашылық арқылы махаббатын білдірді. Оқушылардың Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту және қызығушылығын ояту мақсатында бірқатар іс-шалалар ұйымдастырылды. 

"Хакім Абай даналығы" тақырыбында колледж оқытушысы Жанар Сабиева Оnline-лекциялар өткізді. Студенттер "Абай еліне ауызша саяхат" бейне – экскурсияға қатысып, Абай мұражайына, Жидебайға саяхат жасады. Колледж студенттері "Асыл сөзді іздесең, абайды оқы ерінбе" атты челленджге белсене қатысты.

Өлең оқу акциясын колледж оқытушысы Ақмарал Жұмағалиева, студенттер арасынан Мирас Самарбеков, Малика Қаниева, Қайсар Өмірханов, Арай Жомарт қолдады.  

Балалар "Абай шығармаларына иллюстрация жасау челленджі" атты оnline-суреттер байқауында өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті.  Сабыржан Серіков, Тимур Клюбин, Әлишер Төкен, Ерзат Мейрам, Роман Пушкарев, Зарина Елюбаева, Арина Полищук, Малика Каниева, Ажар Сеитканова өз еңбектерін паш етті. 

«...Біз тарихтан үлгі алатын және ұлы ата-бабаларымызға құрмет көрсететін халықпыз. Ұлы Абайдың мұрасы "Рухани жаңғыру" маңызды бағыты болуы тиіс. Бұл біздің ата-бабаларымыз алдындағы парызымыз және өскелең ұрпақ үшін жақсы үлгі", - деді Президент Қ.Қ. Тоқаев.

Директордың ТЖ жөніндегі орынбасары Шахрам Солтанбекова