Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ ғылыми-өндірістік ынтымақтастық орталығының жетекшісі Алексей Джес «Astana Mining & Metallurgy» XII Халықаралық тау-кен металлургиялық конгресі шеңберінде өткен «ТКМ үшін кадрлар даярлау және ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыру мәселелері» атты дөңгелек үстелде баяндама жасады.

Осы жиында ТКМ жұмыс мамандықтарының беделін арттыру, ТКМ кәсіптік-техникалық білім беру жүйесіне дуалды оқытуды енгізу, жоғары техникалық білім беру мәселелері, сондай-ақ үздік әлемдік тәжірибені ескере отырып, ТКМ кәсіпорындары қызметкерлерінің басқарылатын ағынын ұйымдастыру арқылы еңбек нарығындағы тұрақтылықты сақтау мәселелері талқыланды.

Алексей Джес «Жоғары технологиялық ортада жұмыс істеу үшін ШҚТУ базасында академиялық артықшылық орталығын құру және тау-кен металлургия саласының бәсекеге қабілетті инженерлерін даярлау» баяндамасымен сөз сөйледі.

Іс-шараны «Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы» ЗТБ ұйымдастырды.