Бұл апта ШҚМТУ Мансап орталығына қарасты «Жұмыспен қамту секторының» іс-шаралар жоспарында «Мансапты жоспарлау және дамыту апталығы» ретінде белгіленген.

Іс-шара бағдарламасында оқыту және дамытушылық семинарлар, тренингтер, шеберлік кластары мен практикалық сабақтар өткізу ұсынылған.

Іс-шаралардың тақырыптары атаудың ерекшелігін көрсетеді.

Аталмыш іс-шараларды өткізуде «Мансап пен Кәсіби бағдар» мамандарымен қатар басқа да ұйымдардың өкілдері қатысты.

13.02 кәсіпқой медиаторлар Басқармасының төрағасы А. Каленованың жетекшілігімен 3 курс студенттеріне арналған «Тиімді келіссөздер» атты семинар-тренинг, сондай-ақ кәсіби бағдар бөлімінің жоғары санатты маманы, психолог  Т. Серікқызының жетекшілігімен өткен «Тиімді командалық жұмыс» атты семнар-тренингтер өтті.

Іс-шаралар 16 ақпанға дейін жалғасады.

Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ баспасөз қызметі