Біз, қазақстандықтар, мемлекетіміздің даму келешегімен өте тез, жүйелі және дәйекті танысып келеміз. Мемлект басшысының тағы бір ауқымды бағдарламасы- «Ұлт жоспары-қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласы жұртшылық тарапынан кең қолдау табуда. 2016 жылдың 1 қаңтарынан Қазақстан Республикасында 59 заңнамалық акт күшіне енеді.Олар түбірінен жаңа құқықтық платформа құрды.
Біздің ұжым, жоғары білім қызметкерлері үшін бағдарламалық құжаттар бетбұрысты болды. «Қазақстан-2050» стратегиясы өте жауапты - әлемдегі 30 дамыған елдің қатарына еніп, біздің қазақстандық арманға жету міндетін қойды.
Бағдарламаны жүзеге асыру бес институттық реформа мен «100 нақты қадам» стратегиялық бағдарламасын қарқынды орындаудан басталды. Олар бізге дағдарыс кезеңінен қиналмай өтіп, экономиканы, әлеуметтік саясатты тұрақты дамытуға, идеологиялық құндылықтарды еселеуге көмектеседі.
Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері алғашқылардың қатарында трансформациядан табысты өтуде. Ұжым бұл ішінара өзгерістер немесе жақсару емес, көп қырлы жаңа сапаға көшу, уақыт талабымен үндес жанды ашық үрдіс екенін жақсы түсінеді. Трансформация бағдарламасы-оқшауланған бастамалар емес, бұл өзгерістерге жүйелі тұтас көзқарас.Тек мәселеге осылай қарау ғана әлемдік аналогтар деңгейіне жетуге жол ашады.
Вера Наумова,
өнертану докторы,
«Сәулет және дизайн» кафедрасының профессоры.