Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде «Жастардың шығармашылығы – Қазақстанның инновациялық дамуына» деп аталатын жас ғалымдар, магистранттар мен студенттерге арналған халықаралық ғылыми-техникалық конференция өтті.  Іс-шара облыс әкімдігінің қолдауымен және Қазақстанның ғылым күніне орайластырылды. Конференцияда Қазақстаннан, Ресей Федерациясыныан, Тәжікстаннан жалпы саны 1000-ға жуық адам қатысты.

Магистранттар, студенттер мен мектеп оқушылары 1300-ден аса ғылыми еңбектерін мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынды. Барлық жұмыстар экономика, құрылыс, машина жасау, өндіріс, тау-кен, ақпараттық-коммуникация, энергетика, әскери ғылым, спорт сияқты маңызды салалардың қажеттілігінен орындалып отыр. Ең үздік жұмыстар дипломдармен, алғыс хаттармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Қорытынды отырыста ұйымдастырушылар мен қатысушылар конференцияның географиясын ТМД және шет елдерден жас ғалымдарды шақыру арқылы кеңейтуге тілектестік білдірді.

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің баспасөз қызметі