Достық Үйі – Қоғамдық келісім орталығы базасында толеранттылық мектебінің кезекті сессиясы өтті. Ағымдағы жылы 24-25 қыркүйекте ШҚТУ жастары, оқытушылар құрамының өкілдері алты жылдан астам "мәдениетаралық толерантты кеңістікті қалыптастыру және жастар ортасында диалогты дамыту"жобасының белсенді қатысушылары болып табылады.

Қатысушылар диалогтық форматтағы іс – шарада ҚР жастар саясатының маңызды мәселелерін, көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру, қазіргі заманның адамгершілік-рухани проблемаларын талқылады. Айта кету керек, мектеп тақырыбы  Ұлы қазақ ағартушысы және ойшылы Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына қатысты оның рухани мұрасымен таныстыру мақсатында да өткізілді. 

Жиынның жас қатысушылары Абайдың рухани бағдарларының өзектілігін атап өтті. Сонымен қатар, тренингтік форматта мектеп қатысушылары көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру бойынша жұмыс жасады. Жалпы, карантинге байланысты белгілі бір шектеулерге қарамастан, мектеп жұмысы белсенді өтті.