РОСАТОМ корпорациясының қолдауымен Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ серіктесі - "МИФИ" Ұлттық ядролық зерттеу университеті бізге арнайы ядролық курстарға қол жеткізуге мүмкіндік беріп отыр.

Ядролық физика саласындағы жетекші ғалымдар Виктор Рощенко мен Александр Нахабов 9-16 наурыз аралығында негізгі инженерлік дайындық факультетінің студенттері, магистранттары, докторанттарына және оқытушыларына ядролық физика және технология бойынша дәрістер оқыды.

Курс ядролық физиканы дамытудың негізгі бағыттарынан бастап жоғары энергетикалық және плазма физикасына, сондай-ақ ғарыш кеңістігін зерттеу және игеру жұмыстарына дейінгі көптеген қызықты және пайдалы тақырыптарды қамтыды.