1. ШҚТУ – дың екі қызметкері қауымдастырылған профессор ғылыми атағын алды. Ғылыми-зерттеу қызметі және цифрландыру жөніндегі Проректор Наталья Денисова және дәстүрлі және баламалы энергетика мектебінің доценті Надежда Прохоренкова.
2. ШҚТУ-да «Перспективті материалдарды өндіру және зерттеу: жаңа технологиялар мен техникалар (AMM & R2021)» Халықаралық ғылыми-техникалық конференциясы өтті. Конференцияға төрт құрлықтың жетекші материалтанушылары мен инженерлері қатысты. Барлығы 70-тен астам адам тіркелді.
3. ШҚО полиция департаменті мен ШҚТУ Меморандумға қол қойды. Осындай ынтымақтастықтың арқасында қазіргі заманғы, білікті және білімді мамандарды оқыту және жұмысқа орналастыру үшін барлық жағдай жасалатын болады.
4. Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ ғылыми кітапханасында ректор Жасұлан Шаймарданов пен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Ерлан Жалмағамбет «Парасат жолы» орталығының ашылу салтанатына қатысты.
5. ШҚТУ мен «Қазмырыш» бірнеше жобаны бірлесіп жүзеге асыра бастады. Бұл еріктілер жұмысы, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттері үшін спорт алаңын салу, сондай-ақ металлургия, байыту; машина жасау; тау-кен ісі және геология бойынша ғылымды қажетсінетін ынтымақтастықты кеңейту.
6. ШҚТУ-да ISO 37001:2016 халықаралық стандартына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесін енгізу бойынша жобаны іске асыру жалғасуда. 23-25 ақпан аралығында аудиторлар тобын осы стандартты енгізу бойынша оқыту бойынша екінші тренинг өтті.
7. ШҚТУ жалпы білім беретін мектептерді қамқорлыққа алу жобасын іске қосты. Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ШҚО білім басқармасымен бірлесіп Өскемен қаласы және Тарбағатай, Көкпекті, Жарма, Глубокое, Аягөз, Абай аудандары және Алтай ауданының мектеп директорларымен кездесулер өткізді.