1. Мәслихат депутаттарын сайлау қорытындысы бойынша Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ басқарма төрағасының м.а.-ректоры Жасұлан Шаймарданов «Нұр Отан» партиясы атынан облыстық мәслихаттың депутаты болды. Сонымен қатар, сайлау науқаны кезіндегі белсенді жұмысы үшін Жасұлан Шаймарданов «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н. Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталды.
2. Стратегиялық даму бағдарламасын тиімді іске асыру мақсатында Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да 14 жоба іске қосылды.
3. «ЖОО үздік оқытушысы-2020» республикалық байқауының жеңімпаздары Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ Ақпараттық технологиялар және зияткерлік жүйелер мектебінің доценті, техника ғылымдарының кандидаты Елена Васильевна Блинаева; жер және қоршаған орта туралы ғылымдар мектебінің доценті, техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Жанат Қабылдбековна Идришева және бизнес және кәсіпкерлік мектебінің доценті, экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Салтанат Нұрболсыновна Сүйеубаева қатысты.
4. ШҚТУ бірінші курс студенттерін қарсы алды. 25 қаңтарда бірінші курс студенттері Шығыс Қазақстан техникалық университетінің табалдырығын аттады. Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-нің көктемгі семестрінде бірінші курс студенттері аралас форматта оқиды.
5. Машина жасау мектебінің ғалымы, доцент, техника ғылымдарының кандидаты Комбаев Қуат Курганович 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарға гранттық қаржыландыру алды. Жобаның бағыты: «электролиттік-плазмалық модификациямен машина жасау саласы материалдарының тозуға төзімділігін арттыру».
6. Университетіміздің халықаралық танымалдылығы артты. Д.Серікбаева атындағы ШҚТУ Webometrics халықаралық рейтингінде Қазақстанның 125 жоғары оқу орны арасында 6-шы орынға ие болды, тек Алматы және Нұр-Сұлтан университеттерінен кейін.
7. Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ ынтымақтастығының негізі қаланды. Сингапурдың жоғары оқу орындарымен кездесті. Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ ректоры Жасұлан Шаймарданов Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Аркен Арыстановпен онлайн-кеңес өткізді, ШҚТУ-дың Сингапурлық серіктестермен ынтымақтастық мәселелері талқыланды.