Жұмысты тез және оңай табу үшін не істеу керек - бос орындар жәрмеңкесіне қатысу қажет Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ - бұл іс-шара дәстүрлі түрде «EduWeek-2022» академиялық апталығы аясында өткізілді. Жыл сайынғы жәрмеңке университет түлектеріне қызықты, перспективалы және жоғары ақы төленетін жұмыс табуға, ал жұмыс беруші жаңа кадрлар таңдауға көмектеседі.
Жұмыс берушілер ретінде техникалық бағыттағы мамандарға қызығушылық танытқан кәсіпорындар мен ұйымдардың 60-тан астам өкілдері шақырылды.
Тіркеу кезінде кәсіпорын өкілдері ШҚТУ электрондық еңбек биржасын жаңа бос орындармен толықтырды, ал студенттер серіктес кәсіпорындар базасында практикадан өту нәтижелері бойынша сауалнама сұрақтарына жауап берді.
Түлектерге сауалнама жүргізу нәтижелері:
- 63,6% практикадан өтуге мүдделі және әрдайым достық атмосфера бар деп жауап берді.
- 83,7% кәсіпорын өкілдері маман ретінде оларға қызығушылық білдірді деп жауап берді.
- 67,5% одан әрі өз еңбек қызметін практика өткен кәсіпорын бөлімшесінде жалғастырғысы келеді.
Бүгінгі таңда біздің студенттерге еңбек нарығында қандай мамандықтар сұранысқа ие екенін білуге, олардың бейімділігін анықтауға және жұмысқа орналасу кезінде пайдалы болуы мүмкін кәсіби қасиеттер мен қабілеттерді бағалауға бірегей мүмкіндік берілді.
Кәсіпорындар презентацияларын көрсетіп, жеке әңгіме өткізді.
«Алел» қаржы-инвестициялық корпорациясы» АҚ алғаш рет Sprint жобасының тұсаукесерін өткізді - бұл тәжірибелі тәлімгерлердің басшылығымен түлектерге арналған даму бағдарламасы және ақылы тағылымдамадан өту, халықаралық алтын өндіру компаниясының бір бөлігі болу мүмкіндігі, сондай-ақ нақты міндеттермен жұмыс істеу және тұрақты кәсіби жетілдіру мүмкіндігі. Студенттер үлкен қызығушылықпен белсенді қатысып, компаниядан брендтік сыйлықтар алды.
Одан әрі кітапхананың оқу залына өз таңдауын жасаған түлектер шақырылды. Олар үшін ШҚО Азаматтық ресурстық орталығы мен «ЗУБР» қоры «Азаматтық, әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени құқықтарды жүзеге асырудың менің жолым» атты семинар өткізді. Мамандар студенттерге өз құқықтарын іс жүзінде жүзеге асыру үшін пайдалана алатын ресурстар туралы ақпарат берді. Азаматтық белсенділік пен әлеуметтік бастамаларға назар аударды.
Бос орындар жәрмеңкесінен шыққаннан кейін әр студенттің жинақтағы кәсіпорындардың бос орындарын тағы бір рет көруге мүмкіндігі болды, ал кәсіпорындар жұмысқа қабылдау үшін түлектердің түйіндемелерін алды.
Компанияларға өндірістік табыс, экономикалық және қаржылық амандық тілейміз! Ал ШҚТУ түлектеріне сәттілік тілейміз!