Профессор Женіс Оразханұлы Құлсеитовтың 80 жылдығына арналған «Жастар шығармашылығы - Қазақстанның инновациялық дамуына» атты студенттердің, магистранттардың, докторанттардың және жас ғалымдардың ХІ Халықаралық ғылыми-техникалық конференциясының қорытынды Пленарлық отырысы өтті.
Бүгін Халықаралық конференция Ғылым аптасыда аяқталды. Бұл күндер болашақты өзгерте алатын идеялардан туған ғылыми баяндамалар, презентациялар және пікірталастарға толы болды.
Осыған орай, Ғылым аптасының негізгі сәттері туралы қысқа бейнеролик көрсетілді.
Конференция жаңа технологиялардың инженерияда, құрылыс пен сәулетте, энергетикадағы қолданылуы, сондай-ақ Жер туралы ғылымдардағы жасампаздықтар сияқты кең ауқымды бағыттарды қамтыды. Тұрақты даму мақсаттары контекстінде қоғамның әлеуметті-экономикалық және саяси мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Секциялар төрағалары өз салалары бойынша есебін ұсынды. Конференцияға 15-тен астам отандық және шетелдік университеттен 450 ғылыми мақала жіберілді.
Шара соңында Жоғары IT колледжінің студенті Әмірова Шырын өзінің ән шашуын тартты.
Конференция жаңа зерттеушілерге өз жұмыстарын таныстыру, сарапшылардың тәжірибесімен бөлісу және әріптес университеттермен ғылыми ынтымақтастықты нығайту мүмкіндігін берді