«Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру аясында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Жоғары IT колледжінде УОБ УОП ДН бойынша УИП учаскелік инспекторы, полиция кіші лейтенанты Әлібекқызы Л. қатысуымен профилактикалық әңгіме өткізілді.

Кездесу барысында құқық бұзушылықтардың алдын алу, синтетикалық есірткілердің таралуы, жол қозғалысы ережелерін сақтау, қоғамдық орындарда және үйде қауіпсіз жүріс-тұрыс, сондай-ақ интернет пен әлеуметтік желілердегі қауіп-қатерлерден қорғану мәселелері қарастырылды.

Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілігіне және түнгі уақытта көшеде жүруге байланысты қауіп-қатерлерге ерекше назар аударылды.

Учаскелік инспектор Қазақстан Республикасының заңнамасының негізгі талаптарын түсіндіріп, жеке және қоғамдық қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын атап өтті, студенттерді құқыққа қайшы әрекеттерден сақтандырып, олардың сұрақтарына жауап берді.

Өткізілген профилактикалық әңгіме білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға және заңға бағынатын мінез-құлықты тәрбиелеуге бағытталған.