15 қазанда Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Жоғары IT колледжінің студенттері «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында ұйымдастырылған жастарға арналған профилактикалық дәріске қатысты. Іс-шара Өскемен қаласындағы Community Centre орталығында өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу, Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау жауапкершілігін қалыптастыру және жастар арасында жағымсыз әлеуметтік құбылыстардың алдын алу.

Мұндай іс-шаралардың маңызы зор, өйткені олар жастарға өз құқықтары мен міндеттерін жақсырақ түсінуге, құқыққа қайшы әрекеттердің салдарын ұғынуға және заңға құрметпен қарауға көмектеседі. Құқықтық сауаттылық, жеке жауапкершілік және қоғамдық тәртіпті сақтау – қоғамдағы қауіпсіздік пен тұрақтылықтың маңызды шарттары.

Профилактикалық дәріске қатысу студенттерге құқықтық мәдениет, азаматтық жауапкершілік және саналы мінез-құлық мәселелеріне назар аударуға мүмкіндік берді. Осындай кездесулер жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, құқықтық санасын арттыруға және күнделікті өмірде заң талаптарын сақтаудың маңыздылығын түсінуге ықпал етеді.

«Заң мен тәртіп» қағидаты әрқайсымыздан басталады. Заңды білу, айналадағы адамдарды құрметтеу және өз іс-әрекетіңе жауапкершілікпен қарау – қауіпсіз қоғамның негізі!