2018 жылдың  9 қараша күні, сағат 14.00-де және 16.00-де  Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің келесі докторанттардың PhD философия докторы ғылыми дәрежесін алу үшін докторлық диссертация қорғалады:

1. 6D070300 – Ақпараттық жүйелер (салалар бойынша) мамандығы бойынша Базарова Мадина Жомартовнаның «Жоғары оқу орнының білім трансферінің таратылған ақпараттық жүйесі» тақырыбы бойынша.

Ғылыми кеңесшілер:

  • Жомарткызы Гульназ – Phd доктор, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ақпараттық технологиялар кафедрасының доценті, Өскемен қаласы, Қазақстан;
  • Вуйцик Вальдемар - техника ғылымдарының докторы, Люблин техникалық университетінің профессоры , Люблин, Польша.

Рецензенттер:

  • Тен Татьяна Леонидовна – техника ғылымдарының докторы, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің профессоры, мамандығы 05.13.01;
  • Бекманова Гульмира Тылеубердиевна – техника ғылымдарының кандидаты, Phd докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің информатика және ақпараттық кауіпсіздік кафедрасының доценті, мамандықтары: 05.13.11, 05.13.00.

2. 6D070300 – Ақпараттық жүйелер (салалар бойынша) мамандығы бойынша Адиканова Салтанаттың «Атмосфераның автокөліктерден ластануын модельдеуге арналған ақпараттық жүйе құру» тақырыбы бойынша.

Ғылыми кеңесшілер:

  • Денисова Наталья Федоровна – физика-математика ғылымдарының кандидаты, АТД директоры – Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ақпараттандыру бойынша проректоры, Өскемен қаласы, Қазақстан;
  • Малгаждаров Ержан Амангазынович - техника ғылымдарының кандидаты, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің «Аспаптар жасау және технологиялық үрдістерді автоматтандыру» кафедрасының меңгерушісі, Өскемен қаласы, Қазақстан;
  • Вуйцик Вальдемар - техника ғылымдарының докторы, профессор, Люблин техникалық университеті, Люблин, Польша.

Рецензенттер:

  • Тен Татьяна Леонидовна – техника ғылымдарының докторы, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің профессоры, мамандығы 05.13.01;
  • Абдолдина Фарида Наурызбаевна – техника ғылымдарының кандидаты, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің акпараттық және телекоммуникациялық технологиялар институты директорының орынбасары, мамандығы 05.13.18.

Диссертациялық жұмыстар Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің «Ақпараттық технологиялар» кафедрасында орындалды. Қорғау орыс тілінде өтеді.

Қорғау келесі мекенжайы бойынша өтеді: 070004, Өскемен қаласы, Серікбаев көшесі, 19, Ақпараттық технологиялар мектебі, Г1-139.