Құрметті отандастар, ардақты әріптестер мен қадірлі жастар!

Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – Отан алдындағы парызды абыроймен атқарып жүрген әскери қызметшілер мен еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға үлес қосып жүрген азаматтарға деген құрметтің, алғыстың айқын көрінісі. Бұл күн – батырлық пен ерліктің, жанқиярлық пен елге деген адал қызметтің символы.

Бүгінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері – мемлекеттің қауіпсіздігі мен тәуелсіздігінің сенімді тірегі. Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің әскери кафедрасы да осы маңызды міндетке өз үлесін қосып келеді. Кафедрада тоғыз әскери-есептік мамандық бойынша офицерлер және бес мамандық бойынша запастағы сержанттар даярланып жатыр. Бұл – еліміздің қорғаныс әлеуетін арттырудағы маңызды қадамдардың бірі.

Ұлттың болашағы – өскелең ұрпақтың қолында. Сол себепті жастар бойында отансүйгіштік пен елге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру – баршамыздың ортақ міндетіміз. Еліміздің аспаны ашық, жұртымыз тыныш, шекарамыз берік болғай!
Айтулы мереке қарсаңында барша әріптес ер азаматтарға және студенттерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбекте және білім алуда толағай табыс тілеймін!

Құрметпен,
ШҚТУ басқарма төрағасы – ректор
Сәуле Жәдігерқызы