Дәстүрлі түрде маусым айының соңында «ШҚТУ-дың 100 үздік студенті» байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. Аталмыш іс-шара университетіміздің барлық мектептерінің 1-4 курс аралығындағы студенттерін біріктірді. Байқауға қатысушылар оқу, ғылым, спорт, қоғамдық және мәдени-шығармашылық қызмет бағыттары бойынша өздерінің жетістіктерін көрсетуге мүмкіндік алды.

Байқаудың негізгі мақсаты – университет студенттері арасында оқу, ғылым, спорт, қоғамдық және мәдени-шығармашылық қызмет бағыттары бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізген белсенді жастарды анықтап, оларға қолдау көрсету. Бұл байқау тек үздіктерді анықтап қана қоймай, жастарды жан-жақты дамуға ынталандырып, университеттік қауымдастық ішінде көшбасшылық пен белсенділік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Биылғы жылы байқауға қатысуға ниет білдірген 62 студенттен өтінім қабылданды. Комиссия отырысында барлық өтінімдер қаралып, 28 студент үздік деп танылып жеңімпаз атанды. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз студенттер «ШҚТУ-дың үздік студенті» құрметті атағын алып, ақшалай сыйлыққа ие болды. Іріктеуден өтпеген студенттер, келесі жылы өз бақтарын сынауға мүмкіндіктері бар.

Байқау жеңімпаздары:

Оқу қызметі бойынша:
  • Адильбекова Карина
  • Сагандыкова Камила
  • Гриценко Дмитрий
  • Исанов Сабир
Ғылыми қызмет бойынша:
  • Қалымбек Ұлан
  • Агзамов Ахмет
  • Недобитков Юрий
  • Базарқат Жандос
  • Рүстемов Ануар
  • Қуанышбай Рашид
  • Молбосынов Ермахан
  • Тұрабеков Ернар
  • Қалиева Айым
  • Рапотина Дарья  
  • Қалиасқарова Мөлдір
  • Оразқанова Ардақты
  • Перевалов Тимофей
  • Исаканов Ильяс
  • Шунаков Дмитрий
Қоғамдық қызмет бойынша:
  • Парубчишина Валерия
  • Ргебек Айаулым
  • Төлеуова Балғын
  • Төрегелдиева Диляра
Спорттық қызмет бойынша:
  • Төлеуғазинов Жақсылық

Мәдени-шығармашылық қызмет бойынша:

  • Коваль Владислав
  • Мухаметхан Мади
  • Райбеков Расул
  • Сыдыкова Азиза
Үздік жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!

  Барлық фото