«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында әзірленген жаңа оқулықтарды оқу үрдісіне енгізу бойынша пәннің оқу-әдістемелік кешеніне өзгертулер енгізу туралы желтоқсан айында «Бизнес және кәсіпкерлік мектебі» әдістемелік семинарын өткізді.
Мектеп оқытушылары «Экономикс» оқулығы бойынша Кунафина Г.Т., Бухатова А.С., «Кәсіпкерлік» оқулығы бойынша Биханова А.С., Қайсанова Н.Б., «Менеджмент» оқулығы бойынша Егизеков М.Г., Қазыкешова А.Т. оқулықтарын пайдалануға арналған әдістемелік нұсқаулар жасады. Әдістемелік семинарда жаңа оқулықтардың енгізілуіне байланысты экономикалық теория, кәсіпкерлік, менеджмент пәндерінің ПОӘК-не қазақ тілінде өзгертулер енгізу туралы, экономикалық теория, кәсіпкерлік, менеджмент пәндерінен білім беру үрдісінде жаңа оқулықтарды енгізуін кеңейту бойынша қосымша әдістер мен жолдарын пайдалану туралы, оқу үрдісінде жаңа оқулықтарды пайдалануды оңтайландыру бойынша ұсыныстар жасау туралы талқыланды. Семинар соңында жаңа оқулықтарды пәндерді оқытуда оқу бағдарламаларының әдебиеттер тізіміне қосып, оқыту жоспарланды.