ШҚТУ-да жаңа оқу жылындағы бірінші Ғылыми кеңес жиыны өтті. Күн тәртібінде университет дамуына қатысты үш маңызды бағыт талқыланды. Бірінші кезекте оқу жылына дайындық пысықталды.

Биыл университетте білім алушылардың 70 % қашықтан, 30% аралас оқиды. Сабақ қашықтан білім беру жүйесі, OpenEdX, Google Classroom, ZOOM, BigBlueButton платформаларында жүргізіледі. Осы жаңа форматта жұмыс істеу үшін оқытушылар біліктіліктерін аттырып жатыр. Қазірдің уақытта 166 маман арнайы дайындықтан өтіп, онлайн курстарын жасады.

Әлемде орын алған жағдайға қарамастан ШҚТУ шетелдік серіктес -университеттермен байланысын үзген жоқ. Мәселен биыл 50-ге жуық білім алушы қос диплом бағдарламасы аясында ресейлік МИФИ университетіне оқуға түсті.

Жиын барысында ШҚТУ-да құрылып жатқан Құзыреттілік ортылықтарының дамуы туралы да сөз қозғалды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында, ірі металлургиялық кәсіпорындар орналасқан өңірлер, атап айтсақ, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстары жоғары технологиялы, ғылымды қажет ететін өндірістің және техникалық қызмет көрсетудің орталығы бола алады.

ШҚТУ ректорының айтуынша, университеттің Мектептірінің қарамағында жұмыс істеп жатқан Құзыреттілік ортылықтары кәсіпорындармен тығыз байланыс орнатып, ғылыми жұмыстарды жүзеге асыруға дайын.

Сондай-ақ, студенттердің білім алуына қолайлы жағдай жасау үшін университетте кейбір өзгерістер және жөндеу жұмыстары жүргізілді. Кітапхана қайта жаңғыртылып, заманауи стильде жабдықталды. Жатақханаға қатысты мәселелер де шешімін тауып жатыр. Мысалы, №1 студенттік үйдің терезелері ауыстырылып, кәріз жүйелері жаңартылды. Сонымен бірге, санитарлық-эпидемиалогиялық нормаларды ескере отырып, аудиторияларға, кабинеттерге қажетті жабдықтар сатып алынды.