Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті 8-11 сынып оқушылары арасында өтетін жыл сайынғы "ЖАС ТАЛАП-KZ" олимпиадасына қатысуға шақырады. "Математика", "Физика", "Информатика", "Сурет және сызу" номинацияларының жеңімпаздары университет ректорының атаулы грантына ие болады. Олимпиада екі кезеңнен тұрады: қашықтықтан іріктеу кезеңі, қатысушылар 04.03.2024 жылдан бастап 30.03.2024 жылға дейін ШҚТУ ресми сайтында On-line тестілеуден өтеді және де 22.04.2024 жылға жоспарланған, университет базасында өткізілетін Offline кезең.