5 мамыр күні бірінші курс студенттері арасында «Жігіт сұлтаны» байқауы өтті. Барлық қатысушы нағыз жігіттер тамаша өнер көрсетті. «Жігіт сұлтаны» деп атай алатын нағыз батыр, батыл, ержүрек, ақылды да салмақты, сабырлы ұлды әділқазы алқалары таңдап марапаттады.

Бас жүлдені жеңіп алған 7-ОД-1к тобының студенті Қамалбеков Ануарды шын жүректен құттықтаймыз. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарына нұр жаусын дейміз!