Құрметті Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ қызметкерлері!

"EKTU.Otbasy – ырыс-береке аймағы" *Well-being" жобасы аясында 14.01.2022 ж. «Дарын»  ШҚ ӨҒПО базасында (бұрынғы «Матросов» БСЛ) "EKTU on drive" қысқы тимбилдингі өткізіледі. Барлық тілек білдірушілерді шақырамыз! Балаларды да қуана қарсы аламыз!

Маңызды ақпарат:

  • іс-шараның өту уақыты: сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін;
  • өздеріңізбен бірге: жылы киім, термостағы ыстық сусындар, тағам, ыдыс-аяқ, шана, тюбинг т.с.с. алу қажет;
  • әр бөлімшеден кемінде 3 адам!!!
  • белгіленген орынға дейін жеке көліктеріңізбен жетіп алуларыңызға болады.

Бөлімшелерден (қатысатын балалар саны көрсетілген) қатысушылар тізімін ГБФ әдіскері Ғалия Хасенқызы Әміроваға жолдауларыңызды сұраймыз.

Тимбилдинг бағдарламасында:

  Шара Уақыты
1 Университеттен базаға дейін автобуспен тасымалдау 9.00-10.00
2 Ұйымдастыру кезеңі (базадағы корпустарға орналасу) 10.00-10.30
3 Ректордың сөзі 2 мин.
4 Көңілді жаттығу – Zumba для всех 10.40 – 11.00
5 «Қысқы марафон» спорттық жарыстар 11.00-12.00
6 Балаларға арналған ойындар 11.00-12.00
7 Жеңімпаз командаларды марапаттау 12.00-12.30
8 Швед дастарханындағы ыстық палау 13.00-14.30
9 Қысқы фотосессия 14.30-15.00
10 Серуен, дискотека 15.00–15.30
11 Аумақты, корпустарды жинастыру 15.30-15.50
12 Демалыс базасынан университетке дейін автобуспен жол жүру 16.00-17.00