Құрметті Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ қызметкерлері!
"EKTU.Otbasy – ырыс-береке аймағы" *Well-being" жобасы аясында 14.01.2022 ж. «Дарын» ШҚ ӨҒПО базасында (бұрынғы «Матросов» БСЛ) "EKTU on drive" қысқы тимбилдингі өткізіледі. Барлық тілек білдірушілерді шақырамыз! Балаларды да қуана қарсы аламыз!
Маңызды ақпарат:
- іс-шараның өту уақыты: сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін;
- өздеріңізбен бірге: жылы киім, термостағы ыстық сусындар, тағам, ыдыс-аяқ, шана, тюбинг т.с.с. алу қажет;
- әр бөлімшеден кемінде 3 адам!!!
- белгіленген орынға дейін жеке көліктеріңізбен жетіп алуларыңызға болады.
Бөлімшелерден (қатысатын балалар саны көрсетілген) қатысушылар тізімін ГБФ әдіскері Ғалия Хасенқызы Әміроваға жолдауларыңызды сұраймыз.
Тимбилдинг бағдарламасында:
| Шара | Уақыты | |
|---|---|---|
| 1 | Университеттен базаға дейін автобуспен тасымалдау | 9.00-10.00 |
| 2 | Ұйымдастыру кезеңі (базадағы корпустарға орналасу) | 10.00-10.30 |
| 3 | Ректордың сөзі | 2 мин. |
| 4 | Көңілді жаттығу – Zumba для всех | 10.40 – 11.00 |
| 5 | «Қысқы марафон» спорттық жарыстар | 11.00-12.00 |
| 6 | Балаларға арналған ойындар | 11.00-12.00 |
| 7 | Жеңімпаз командаларды марапаттау | 12.00-12.30 |
| 8 | Швед дастарханындағы ыстық палау | 13.00-14.30 |
| 9 | Қысқы фотосессия | 14.30-15.00 |
| 10 | Серуен, дискотека | 15.00–15.30 |
| 11 | Аумақты, корпустарды жинастыру | 15.30-15.50 |
| 12 | Демалыс базасынан университетке дейін автобуспен жол жүру | 16.00-17.00 |