Д .Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің есіктері Зырян ауданының талапкерлері үшін айқара ашылды. Іс-шара ОӘЖ бойынша проректор Сауле Рахметтулинаның және «Зырян ауданының білім беру, дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ жетекшісінің м.а. Бақытгүл Қанафинанынң құттықтау сөзімен басталды.
Зырян ауданының мектеп директорлары түлектерді дайындаудың тиімді жүйесі қолданғандары үшін алғыс хаттармен марапатталды.
Бұл жолы кездесу бейресми түрде өтті. Университеттің факультеттері мен мектептерін студенттер өздері таныстырды. Мектеп оқушыларына университеттің факультеттері, мамандықтары жайында және жалпы студенттік өмір туралы егжей-тегжейлі ақпаратты таныстырылды. ШҚМТУ бас ғимаратына, зертханалары және «Үлкен Алтай» мұражайына экскурсия жүргізілді. Сондай-ақ, концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.
Өз кезегінде, түлектер мен ата-аналар қабылдау ережелері, одан әрі жұмысқа орналасу және берілетін жеңілдіктер жайында сұрақтар қойды.
Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ Баспасөз қызметі