Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ Жоғары IТ колледжінің белсенді студенттері көпбалалы анаға қол ұшын созып көмек көрсетті. Бұл шара жалпыұлттық «Қайырымды істер марафоны» аясында қамқорлық жасау, ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру және жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылды.

Кез келген қиын жағдайда адам баласы әр түрлі бағытта көмек қолын соза алады. Біреулер жаны жабырқау жүргендерді жұбата отырып күлкі сыйласа, екіншілері қиын сәтте қол ұшын беріп, көмек жасайды.

Бүгінде қаншама мұқтаж, жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі отбасыларға көмек көрсеткен ерікті жастар осы күнге дейін көптеген адамдарға қуаныш сыйлап, олардың алғысын арқалады.