"Росатом" атом энергиясы жөніндегі мемлекеттік корпорация, және Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті шетелдік талапкерлерді ядролық және сабақтас даярлау бағыттары бойынша оқуға қабылдайтын жоғары оқу орындарымен бірлесіп, 2021 жылы 15-19 ақпанда "Қазақстандағы Ресей атом технологиялары күндері" атты кәсіптік бағдар беру - ағарту іс-шарасын өткізеді.
Біздің серіктестер, "МИФИ" ұлттық зерттеу ядролық университеті мен Томск ұлттық зерттеу политехникалық университетінің өкілдері бейбіт атом және оның қазіргі әлемде кеңінен қолданылуы, атом саласы үшін мамандарды даярланудағы жаңа материалдардың технологияларымен және атом саласындағы ресейлік жетістіктермен таныстырады, ядролық физика бойынша қызықты мастер-класс өткізеді.
Іс-шаралар бағдарламасы: 15 ақпан - Студенттерге арналған «Ресейлік атом технологиялары күні»
- 14.00 - 14.40 Атом өнеркәсібіне арналған жаңа материалдардың технологиялары;
- 14.40 - 15.20 Қолданыстағы радиациялық қондырғыларда радиобиология мен радиоэкологияның қолданбалы аспектілерін қоса алғанда, ядролық-радиациялық қауіпсіздік саласында кадрлар даярлау.
Іс-шара YouTube платформасында, трансляция форматында өтеді.
Қатысу үшін тіркеу сілтемесі бойынша өтіңіз (тіркеу нысанына гиперсілтеме https://forms.gle / 4cxpv7wv56ztjuhra) және шақыру алыңыз. Шақыру іс-шарадан бір күн бұрын жіберіледі. Іс-шараға қатысу барысында сұрақтарыңызға жауап алу мүмкіндігі бар.