Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің базасында «Ихсан ілімінің теологиялық ерекшеліктері» TEDxOSKEMEN-2021 конференциясы өтті.

Басты мақсаты - рухани мәдениетті қалыптастырудағы ихсан ілімінің рөлі мен орнын талқылау бойынша диалог алаңын құру және деструктивті діни идеологияға азаматтарды, соның ішінде жастарды тартудың алдын алу.

Конференция жұмысына Шығыс Қазақстан облысының дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары, теологтары, дінтанушылар, психологтар, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің, Қазақстан-Американдық еркін университетінің және Өскемен, Семей қалаларының жоғарғы және арнайы орта оқу орындарының студенттері қатысады.

Іс-шараны ШҚО дін істері басқармасы, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық универститеті, ШҚО дін мәселелерін зерттеу орталығы «Халифа Алтай» облыстық мешітімен бірлесе ұйымдастырды.

Айта кету керек, ШҚТУ студенттері дін істері басқармасы ұйымдастыратын жиындардың барлығына қатысуға тырысады. Бұған қоса университет пен басқарма арасында ынтымақтастық туралы меморандум бекітілген.