"Мәдениетаралық толерантты кеңістікті қалыптастыру және жастар ортасында диалогты дамыту" жобасы аясында жастар диалог алаңының 20 сессиясы өтті. Біздің университет студенттері бұл жобаға 10 жылдан бері белсенді қатысып келеді. Биыл шығармашылық алаңға бизнес және кәсіпкерлік мектебінің студенттері қатысты.

Жобалауда дағдылар мен құзыреттіліктерді қалыптастыру қазіргі білім беру кеңістігіндегі маңызды бағыттың бірі. Жастар ғылыми жобалардың ерекшеліктерімен танысуға және жобалық қызметте өз тәжірибелерін көрсетуге мүмкіндік алды.

Іс-шара соңында студенттерге арнайы сертификаттар берілді.