Осы атаумен ШҚТУ-да Қазақстан, Ресей, Украина, Ұлыбритания, Польша, Үндістан, ОАР, Түркия материалтанушылары мен инженерлерінің, жетекші ғалымдарының қатысуымен Халықаралық ғылыми-техникалық конференция өтеді.

AMM & R 2021 конференциясы бүкіл әлемдегі ғалымдарға өзара идея алмасу арқылы жаңа перспективаларды дамыту үшін материалтану және материалдарды өндіру және өңдеу технологиялары, сондай-ақ олардың құрылымы мен қасиеттерін зерттеу әдістері саласындағы соңғы жетістіктерді талқылауға мүмкіндік береді. Конференцияның ресми тілі — ағылшын тілі.