19 қараша күні Г3-410 аудиториясында еліміздің Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына арналған ашық тәрбиелік сағаты өтті. Ашық сабаққа ШМиОПИ деканының орынбасары Еркешева М.С., аға кураторы Камалова А.К., оқытушы Дукиева А.Е. және 21-МТК-1 тобының суденттері қатысты. Ашық тәрбиелік сағатты еліміміздің мемлекеттік әнұранымен бастап, желтоқсан құрбандарын 1 мин үнсіздікпен еске алудан басталды.
Тәуелсіздік алғанға дейін қазақ халқы басынан небір қиындықтар мен сұрапыл жылдарды өткерді. Соның бірі – қазақ халқының ары мен тарихына өшпес із қалдырған желтоқсан оқиғасы. Ерлікпен қаза тапқан қаһарман аға әпкелеріміздің аналарының жоқтауларын топ студенттері Раджанқызы Аружан, Рахматулина Әминат, Серікболқызы Наргиза, Ризабекұлы Диас өлең жолдарын мәнерлеп берді.
Жоспардың әр тақырыбы бойынша студенттер өз ойларын жеткізді. Еліміздің мемлекеттік рәміздердің шығу тарихын, авторларын айтып берді. Тәрбиелік сағат соңында қатысқан декан орынбасары мен аға куратор өз ойларын, алғыстарын айтып, келе жатқан мейраммен барлықтарын құттықтап, тілектерін білдірді.