14 - қазанда Гуманитарлық білім беру факультеті, «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси» пәндер кафедрасындағы «Алтын бесік - Мұзтау» өлкетанулық клубының студенттері университет қабырғасындағы «Үлкен Алтай» мұражайына саяхат жасады. Саяхат Шығыс Қазақстан өлкесінің ерекше тарихы, еліміздің тарихымен танысу мақсатында жүзеге асырылды. Аталған саяхатқа клуб қатарындағы 22-РТК-1, 22-ММК-1 және 22-ТФК-1 топтарының студенттері қатысып, өлкеміздің және еліміздің тарихымен танысты. Мұражайға саяхат студенттердің қызығушылықтарын арттырып, тақырып аясындағы білімдерін кеңейтуге зор үлес қосты.