26 сәуір Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да «Студенттік көктем - 2017» жер туралы ғылымдар факультетінің «ТАУ-КЕН» шығармашылық ұжымының концерттік бағдарламасымен жабылды. Биылғы жылы «Студенттік көктем - 2017»  «Сәтті жаңғырту – болашаққа бастар жол» атты ұранмен өтуде.

26 сәуір Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да  жер туралы ғылымдар факультетінің «ТАУ-КЕН» шығармашылық ұжымы көрермендерге шығармашылық қабілеттері мен таланттарын ұсынды.

Аталмыш ұжым кеш бағдарламасын «Эликсир победы» бейнекөрсетілімен бастады. Ары қарай  - «Узбекским», «Горским переплясом» тағы да басқа ұлттық билермен жалғасты. Ең керемет би көріністері ретінде «Алиса в стране чудес» және «Gold women» айтуға болады.  Домбыра мен пианинода ойнау, керемет жүргізушілер, әуезді ән- осының барлығы «ТАУ-КЕН» шығармашылық ұжымы концертінде болды. Кеш көрерменге керемет әсер қалдыратын заманауи бимен әрленді.  «ТАУ-КЕН» шығармашылық ұжымы  осы кеште жоғары дайындық пен талантты әрі бірегей екендігін көрсетті.  Концертті «We are the world» әнін хормен орындап аяқтады.

Сонымен барлық ұжым өнерлерін көрсетті. Бүгін, 27 сәуір  Гала-концертте қорытынды жасалынатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, 27 сәуір сағат 18.00 мен 20.00 аралығында университет сайтының бастапқы бетінде "Көрермен көзайымы жеңімпазы" номинациясына үздік факультетті таңдау үшін онлайн-дауыс беру өтеді.                  

28 сәуір күні Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ шығармашыл жастары V-ші облыстық  «Студенттік көктем» фестиваліне қатысады, ол Семей қаласында үш номинация бойынша өтеді: «Үздік шығармашылық бағдарлама», «Үздік креативті алаң», «СМС-дауыс беру: «Жастар таңдауы». Қымбатты достар, дауыс беруде белсенді ат салысуларыңызды сұраймыз, Сіздердің дауыстарыңыз маңызды! Естеріңізге сала кетейік, ШҚМТУ шығармашылық тобы 4 облыстық фестиваль жеңімпазы.      

Жанат Намысбаева, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің баспасөз қызметі