Арын Орсариев ҚР БжҒМ жауапты хатшысы болып тағайындалды деп Tengrinews.kz  Акордаға сілтеме жасай отырып хабарлайды .

"Елбасының үкімімен Арын Орсариев ҚР БжҒМ жауапты хатшысы болып тағайындалды деп", - Президент сайтында хабарланған.

Осыған дейін Арын Орсариев С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры болды. 

Арын Орсариев 20 шілде 1976 жылы туған. Үйленген, екі баланың әкесі. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде, Clermont Ferrand академиясында, Marne-la-Vallee және Sorbonne  университеттерінде оқыған.  Дипломатия магистрі, саяси ғылымдар докторы.