Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-де білім процессін кадрмен қамтамасыз ету және ғылыми жобаларды жүзеге асыру сұрақтарын талқылау үшін жұмыс кеңесі өткізілді.
Атап өткендей биылғы 2017 жылы ҚР мемлекеттік білім гранттарының көбейтілуі, облыс әкімінің мақсатты гранттарын бөлуі, Foundation факультетінің ашылуы, сонымен қатар жоғары техникалық колледжде студенттерді даярлауға байланысты университет 1 курсқа студенттер санын арттыруды жоспарлауда.
Сонымен қатар, ШҚМТУ-де басталған 10 ғылыми жобаны жүзеге асыруда ғылыми зерттеулерге қатысу үшін жаңа мамандар қажеттілігі бар екені айтылды.
Осыған орай кадрлық құрамды жас мамандармен, оқытушылармен және үштілді білім беруге, зерттеулерге қатысуға бағытталған ғалымдармен, сонымен қатар шет елдік оқытушылармен қамту жоспарлануда.
Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің баспасөз қызметі