ШҚМТУ-дың бас ғимаратында биоимпланттарды өндіру бойынша «MIDHANI» биоимпланттар өндіру компаниясы , «Өскемен ТМК АҚ» және Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ өкілдерімен үшжақты жұмыстық кездесуі өтті. «Өскемен ТМК АҚ» және Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ бірлескен бағдарламасы бойынша «Медицинада қолдану үшін титан өнімінің шығарылымы » жобасының ғылыми-зерттеу бөлімі бойынша көрсетілім болды, сонымен қатар биоимпланттарды өндіру бойынша «MIDHANI» биоимпланттар өндіру компаниясымен бірігіп жұмыс жасау сұрақтары талқыланды.
Қазақстанда аталмыш ғылыми-зерттеу жұмысы мемлекеттік-жеке меншік серіктестіктердің қатысуымен жүзеге асатындығы айтылды.
Үнді делегациясының жетекшісі Елисетти Венката Ханумантха Рао биоимпланттарды жасау – үлкен жауапкершілік екендігін атап өтті. Маңызды сұрақтарды бірге талқылауға және осы бағытта ары қарай дамып жылжыуға мүмкіндіктің бары, ол - жақсы. Қонақтар университеттің зертханалары мен ғылыми-зерттеу бөлімдерін аралады.
Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің баспасөз қызметі