Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-ға «Назарбаев зияткерлік мектебі» жетекшілері келіп кетті.  Университет бойынша экскурсиялар өткізілді. Қонақтар заманауи ғылыми және өндірістік құрылғылармен жабдықталған барлық ғылыми-зерттеу кешендерімен, сонымен қатар «Мехатроника және өндірісті автоматтандыру» зертханасының «FESTО» роботталған желісімен танысты  .

 «Назарбаев зияткерлік мектебі» басқару төрайымы Куляш Шамшидинова университеттің қызметіне жоғары баға берді. Ол өз сөзінде ШҚМТУ зертханасында зияткерлік мектептің оқушыларының зерттеу жұмыстарында қатысуының мүмкіншіліктерін атап өтті.

Кездесудің соңғы салтанатында түлектердің жоғары оқу орнына түсу туралы сұрақтардың және сол мектептердің білімі мен бағалануы туралы  талқылануы болды.

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің баспасөз қызметі