Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің мәжіліс залында ҚР Премьер – Министрі Бакытжан Сагинтаевтың қатысуымен министрліктер мен ведомствалар жетекшілерінің қызметтік кеңесі өтті. Университеттің ғалымдары ШҚО-ның жетекші өнеркәсіп орындарымен бірлесіп жүзеге асырғалы отырған ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастыру жұмыстарын ұсынды.
Кездесу барысында «Казатомпром» АҚ және Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Отандық өнеркәсіп орындарының өнімдерінің бәсекегеқабілеттілігі инновациялық құрамсыз мүмкін емес, сондықтан бұл жұмысты жалғастыру және дамыту қажет деп атап өтті Премьер – Министр.
Министрлер кабинетінің басшысы сонымен қатар бизнес дамыту бойынша кәсіпкерлермен кездесу өткізді.
Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің баспасөз қызметі