Эразмус+ «Еуропа-Азия елдерінде жерді қорғау бойынша университеттердің халықаралық ынтымақтастығы» бағдарламасы бойынша алты жазғы мектептердің біріншісі 2017 жылдың 6 мен 10 маусым аралығында Италияда өтті.

Жазғы мектеп қатысушылары жобаның серіктес-елдерінен бакалаврлар, магистранттар, докторанттар болды: Италия, Хорватия, Словакия, Кытай, Кырғызстан, Қазақстан.

Италияның  Кампобассо  қаласындағы жазғы мектепте Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ магистранттары: Сенько А., Сагымбаев Е., Сулейманова Г. оқуы өтті. Жазғы мектеп  «Азия-Еуропа елдерінде жер деградациясы» оқыту тақырыбы мен тәжірибесін беруге бағытталған. Магистранттарға Италиядағы жазғы мектепті сәтті өткені туралы сертификаттар берілді.  

Келесі жазғы мектеп Славакия елінің Нитра қаласында өтеді! 

Ермек Комекбаев, ХДжӘО маманы