28 наурыз 2017 жылы Алматы қаласында Нархоз Университетінің базасында  Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының арасында экономикалық мамандықтарға арналған IX Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті.

IX Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға Қазақстанның жоғары оқу орындарынан 10 команда белсенді қатысты.

Біздің университеттің атынан ақпараттық технологиялар және бизнес факультетінің  5В050600 «Экономика» мамандығының студенттері қатысты, олар 14-БЭ-1 тобының студенттері Нугуманов Арман, Третьякова Ольга,  Тарнопольская Олеся, жетекшісі «Экономика және менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы Мезенцева Лариса Анатольевна.

Үш кезеңнің нәтижесі бойынша біздің команда 3 орынды иеленіп III дәрежелі дипломға және де «Жеңіске деген жігері» атты номинациясын  иеленді.

Сіздерге, шығармашылық, оқудағы  және кәсіби табыстар тілейміз! Команда жетекшісіне студенттердің жұмыстарын ұйымдастырып, олимпиадаға қатысуға лайықты даярлағаны үшін алғысымызды білдіреміз.

"Экономика және менеджмент" кафедраcы