Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде 2024 жылғы 22-23 мамырда «Геодезия және картография» білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындарының студенттері арасында XV Республикалық пәндік олимпиаданың ІІ туры өтті.
Олимпиаданың ашылуында Басқарма мүшесі - академиялық мәселелер жөніндегі проректор Машекенова Асия Хасеновна, Жер туралы ғылымдар мектебінің деканы Рахымбердина Маржан Есенбековна, география ғылымдарының докторы, Жаратылыстану ғылымдары факультетінің профессоры (Masaryk University, Brno, Czech Republic) Milan Konecny құттықтау сөз сөйледі.
Олимпиадаға екі жоғары оқу aрнының командалары қатысты:
- Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті,
- Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті.
Олимпиада 4 турда өтті:
- І тур - «Сәлемдесу» , Команда мүшелерін таныстыру. Командалар сайысы.
- ІІ тур - «Геодезия мен картографияда қолданбалы мәселелерді шешуде жасанды интеллект қолдану» тақырыбындағы «Ғылыми жобаны қорғау». Командалар сайысы;
- ІІІ тур – «Білімді бақылау». Пәндер бойынша практикалық тапсырмаларды орындау. Қатысушылардың жеке сынағы;
- ІV тур - QGIS бағдарламалық жасақтамасында «Карта макетін жасау». Командалар сайысы.
Олимпиадаға қатысушылар үшін университеттің зертханалары мен орталықтарына экскурсия өткізілді.
Олимпиаданың екінші күнін қазылар алқасы қорытынды шығарды:
Командалық есепте:
- І орынды Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің командасы иеленді;
- II орынды Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің командасы иеленді.
Жеке есепте:
- І дәрежелі дипломмен Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің студенті Қайымханова Құралай Шалхарқызы марапатталды;
- ІІ дәрежелі дипломмен Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің студенті Жұмағалиева Жайнар Жұмағалиқызы марапатталды;
- ІІІ дәрежелі дипломмен Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің студенті Осадчая Кристина Денисовна марапатталды.
Олимпиада жеңімпаздарын құттықтаймыз!
Зор денсаулық, табыс тілейміз!