"ШҚТУ.Otbasy- ырыс-береке аймағы Well being" жобасы бойынша Д.Серікбаев ат. ШҚТУ бас ғимаратында салауаттылық аймақтарының мониторингі жүргізілді. Инфрақұрылымдық нысандар картасы әзірленді - салауаттылықтың 12 аумағы: бір-бірімен қарым - қатынас жасау үшін, ноутбукте жұмыс істеуге, шағын топтарда коворкинг ұйымдастыруға арналған бірнеше "студенттік аумақтар"; релакс, оксигенотерапия және түстерапиясы аумақтары; жобалардың тұсаукесерін өткізуге арналаған мобильді аумақ; "студенттердің шығармашылық аумағы" және "EKTU.Brand" брендтік өнімдер дүкені.
Бұл қызықты процеске ЖОО басшылығы, қызметкерлері, оқытушылары мен студенттері қатысты.
Келесі кезең салауаттылық аумақтарының дизайнын әзірлеу болды. Университеттің дизайнерлері, оқытушылары мен студенттерінен құралған команда әр зонаның мақсатына қарай оның дизайнын әзірледі.
Бүгін біз университет фойесіндегі тынығуға, қарым-қатынас жасауға, ноутбукте жұмыс істеуге арналған алғашқы салауаттылық аумағын ұсынбақпыз. Дизайнері - СжҚМ оқытушысы Вайнбергер Алена, ал инфрақұрылымды дамыту басқармасының қызметкерлері дизайнердің идеясын жүзеге асырды.
Біздің Alma mater инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыс жалғасуда!