Практикаға бағытталған инженерлік кадрларды даярлау моделі

  Мәтінді оқу  

1. Жобаның атауы: «Инженерлік кадрларды практикалық бағытта даярлау моделі»

2. Мақсаты – жоғары технологиялық өндіріс үшін академиялық қызметті ұйымдастырудың практикалық бағытталған платформасын қалыптастыру.

3. Міндеттері:

  • Университеттің инженерлік білім беру жүйесін CDIO (Conceive-Design-Implement-Operate/Ойлап тап – Жобала – Іске асыр – Басқар) қағидаттарына негізделген Құзыреттілік орталықтары мен технологиялар трансферті базасында жетілдіру.
  • Университет түлектерінің негізгі инженерлік дағдыларын, кәсіби және зерттеу құзыреттерін, soft skills, эмоционалдық интеллектін цифрлық ізді талдау және оқу нәтижелерін жинақтау негізінде қалыптастыру.

4. Жобаның басталу және аяқталу мерзімі: 20.11.2020 – тұрақты

5. Күтілетін нәтижелер:

  • Үздік талапкерлерді іріктеу.
  • Бітірушілердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігінің жоғары деңгейі.
  • Инженерлік білім берудің халықаралық кеңістікке интеграциясы.
  • Өндіріс қажеттіліктеріне байланысты білім беру бағдарламаларын әртараптандыру.
  • Шетелдік жетекші жоғары оқу орындарымен және ұлттық кәсіпорындармен бірлесіп білім беру бағдарламаларын әзірлеу.
  • Кәсіби практиканы теориялық оқытумен интеграциялау.
  • Оқу процесін бақылау мен мониторингтің жаңа әдістерін енгізу: цифрлық із (мониторинг және бағалау), FeedBack.