Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ ректоры Жасұлан Шаймарданов ел Президентінің «төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» жыл сайынғы Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген отырысына қатысады.

Министрлік алқасының жұмысына қатысуға ҚР Парламенті депутаттары, ҚР  Президенті Әкімшілігінің өкілдері, ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінің өкілдері, облыс әкімдерінің, Астана және Алматы қалалры әкімдерінің орынбасарлары, ҚР БҒМ Қоғамдық кеңестің мүшелері, Ұлттық ғылыми кеңестердің төрағалары, ғылыми ұйымдардың басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, «Атамекен»  ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары, облыстық, қалалық білім беру басқармасы басшылары, министрлік қызметкерлері, БАҚ өкілдері және басқалар шақырылды.

Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ Баспасөз қызметі