Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ ректоры Жасұлан Шаймарданов Қазақстан Республикасы Парламентінің Мажіліс депутаттары Наринэ Микаелян және Магеррам Магеррамовтың аудан халқымен кездесуіне арналған отырысқа қатысты.

Қонақтар сапарының басты мақсаты – Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасын іске асыру тетіктерін түсіндіру. «7-20-25» ипотекалық кредит беру бағдарламасына ерекше назар аударылды.

«Елбасының бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру – халық шаруашылығының түрлі салаларын дамытуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Мәжіліс депутаттары.