Өзім атымнан және университеттегі барлық ер азаматтардың атынан сіздерді 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Шығыста: «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», дейді. Әйел мен көктем әрқашан да өмірдің басталуын, махаббат пен сұлулықты, үміт пен мейірімділікті бейнелейді. Нәзік әйелде - үлкен күш жатыр. Әйел ол - нәзік, адал әйел, қамқор ана, адал дос, сондай-ақ ақылды лидер, білікті қызметкер, тамаша ұстаз бола алады.

Университеттің барлық қызметкерлері атынан және өз атымнан сіздерге университетіміздің дамуына және гүлденуіне, ғылымдағы, оқудағы, шығармашылық және спорттағы жетістіктеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Осы көктем мерекесінде шынайы таңданарлықтай сөздерді қабыл алыңыздар. Ақылды, талантты, тамаша әйел әріптестерімен қоршалған жерде жұмыс істеуге қуаныштымыз!

Сіздерге зор денсаулық, мерекелік көңіл-күй тілеймін. Сіздердің барлық армандарыңыз бен үміттеріңіз орындалғанына тілектеспін, бақыт пен сәттілік болсын!

Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректоры Ж. Шаймарданов