Құрметті Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ұжымы және студенттері!

Өз атымнан және университет басшылығының атынан сіздерді Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесімен құттықтаймын!

Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген.

Тәуелсіздік алғаннан бері Наурыз жаңа сипатқа ие болды, ұлтына, діни сеніміне қарамастан Қазақстанды мекендейтін барлық ұлттар мен ұлыстардың ортақ мерекесіне айналды.
Наурыз - өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең.
Осы тамаша мереке қарсаңында сіздерге зор денсаулық, отбасылық игілік, ізгілік пен бақыт тілеймін!

Наурыз баршамызға ынтымақ пен сәттілік алып келсін. Жылдан-жылға жаңа жетістктерге жете берейік!

ШҚМТУ ректоры
Жасұлан Шаймарданов