Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ ректоры Жасұлан Шаймарданов «Біртұтас  ұлттың өзіндік ерекшелігін қалыптастыру үлгісі ретінде қоғамдық сананы модернизациялау» тақырыбында өткен аймақтық дөңгелек үстел отырысына қатысты.

Іс-шара барысында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасында белгіленген үш тілде білім беруді жүзеге асыру, қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру, діни білім беру, білікті мамандарды даярлау, жастардың азаматтық тұғырын қалыптастыру сынды өзекті даму бағыттары талқыланды.  

Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ Баспасөз қызметі