ҚР Президентінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасында және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында қойылған идеяларды іске асыру шеңберінде 2018 жылдың 13 желтоқсанында Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің қабырғасында «Алтай-түркі өркениетінің бесігі» атты ғылыми-практикалық конференциясы өткізіледі.      

Конференция аясында «Алтай-түркі өркениетінің бесігі» жобасы мен «Үлкен Алтай» мұражайының ашылуы таныстырылады, шеберлік кластар өткізіледі. Еліміздің көрнекті ғалымдары Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында ұсынылған ережелерді көрсететін өз зерттеулерінің нәтижелерімен таныстырады.

Сізді конференцияға қатысуға шақырамыз. Конференцияның өтетін орны: Өскемен қаласы, Серікбаев көшесі 19, ШҚМТУ бас ғимараты, бағаналы зал.

Конференцияға қатысу үшін келесі сілтеме бойынша электрондық регистрация өту керек:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScMjfFpT2eN1UQEPlKhitmtFX8m0gnAOIkYslGrMgLqXFZV-w/viewform