«Ақылды» Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған заманауи озық шетелдік бағдарламалық өнімдерді талдау». Осындай атаумен Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде семинар өтеді.

ҚР БҒМ қаржыландыратын «агроөнеркәсіптік кешенді басқаруды жетілдіру үшін «ақылды» Ауыл шаруашылығын геоақпараттық қамтамасыз етуді әзірлеу және енгізу» жобасының бағдарламалық мақсатты қаржыландыруды іске асыру аясында ұйымдастырылады.

Семинардың мақсаты: семинар қатысушыларын агроөнеркәсіптік кешенді басқаруды жетілдіру үшін ГАЖ технологияларын пайдалану және қашықтықтан зондтау саласындағы негізгі жетістіктерімен таныстыру.

Семинарда қаралған мәселелер: Нақты егіншілік жүйесінің элементтерін енгізу бойынша қазіргі заманғы жетістіктерді талдау. Ғарыш түсірілімдері мен ЖҚЗ алаңының қазіргі жағдайы туралы ақпарат тасымалдаушысы ретіндегі рөлі. Ұшқышсыз ұшу аппараттары (ҰҰА), оларды ауыл шаруашылығында пайдалану. Ауыл шаруашылығын басқаруға арналған "Фермер планшетін" әзірлеу. Артықшылықтары мен болашағы. Өсімдік шаруашылығындағы цифрландыру элементтерін енгізу мәселелерінде тәжірибе алмасу.

Толық ақпаратты суреттен оқи аласыз.