«Жасыл экономика – адамзат болашағы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Конференцияның өтү күнi: 2014 жылғы 14-16 мамыр
Конференция туралы
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті «EXPO – 2017» көрмесіне дайындалу шегінде 2014 жылғы 14-16 мамырда еліміздің тұрақты даму жолына ауысуына негізделген экономиканың тұрақты әрі тиімді моделін құру шешімдерін іздестіру үшін «Жасыл экономика – адамзат болашағы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.
Конференцияның мақсаты экономикалық өсу жетістіктерінің көкейтесті проблемаларын талқылау үшін ғалымдар мен мамандарды біріктіру болып табылады. Табиғат пен адамның үйлесімді дамуын қамтамасыз ететін, өндіру мен тұтыну модельдерінің сапалы өзгеруін алдын ала қарастыратын инновациялық модельдерді іздестіру. «Жасыл қағидаларды» стратегиялық жоспарлау және бюджеттендіру жүйесімен біріктіру, бизнес пен инфрақұрылымды экологизациялау.
Конференция тақырыбы
Конференция жұмысының бағыттары:
- «Жасыл» экономиканың жағдайы және оны тұрақты дамыту үшін келешекте алға бастыру - VII-ші Астаналық экономикалық форум шегінде Өскемен қаласында өткізілетін көшпелі сессия.
- «Жасыл энергетика» және энергияны үнемдеу технологиялары. Балама энергетика (жел, күн, сутегі, торий энергетикасы және т.б.).
- Экожүйелерді сақтау және оларды тиімді басқару.
- Жасыл экономика – қоғамды тұрақты дамыту кепілі және әлеуметтік проблемаларды шешу жолы.
- Табиғи ресурстарды кешенді пайдалану және экологиялық қауіпсіз өндірістерді дамыту. Тұйық цикл жағдайында қалдықтарды басқару.
Байланысу ақпараты
Ұйымдастыру комитетінің адресі:
Конференцияны өткізу мәселелері бойынша хабарласуға болады:
Өскемен қаласы, Серікбаев көшесі, 19
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті
Козлова Марина Васильевна ,э.ғ.к., «Қаржы, есеп және салық салу» кафедрасының доценті
8(7232) 540-758, 8-705-419-45-82
E-mail: [email protected]
Замчий Елена Юрьевна, ғылыми-зерттеу жұмыстары бөлімінің инженері
8(7232) 269-168, 8-705-41-82-179
E-mail: [email protected]