ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Д. СЕРІКБАЕВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!

Д. Серікбаев  атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті Ақпараттық технология және бизнес факультеті қазақ және орыс  тілдері  кафедрасының ұйымдастыруымен  2017 жылы қыркүйек айының 22-і күні  Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың, Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы мемлекеттік грантының екі дүркін иегері, филология ғылымдарының докторы, профессор Момынова Бағдан Қатайқызының 60 жылдық мерейтойына арналған «Қазақ тілінде білім беру мен оқытудың инновациялық үдерістері: мәселелер, заңдылықтар, болашағы» тақырыбында аймақтық ғылыми-практикалық конференция өткізеді (Мекенжайы: Өскемен қаласы, Д. Серікбаев көшесі -19,(дәрісхана  Г-1-101).  Конференцияға ғалымдар, оқытушылар, докторанттар, магистранттар мен мектеп мұғалімдері шақырылады.

Конференцияның негізгі бағыттары:

  • Қазақ тілі және этномәдени динамика: әдеби тілді оқытудың өзекті мәселелері.
  • Латын әліпбиіне көшу – жаһандану мен жаңғырудың алғышарттарының бірі.
  • Білім беру жүйесіндегі үштілділік мәселелері.
  • Қазіргі қазақ тілі: тілдік үдерістегі тілдік тұлға.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс.

Мақала мен тіркеу үлгісін ұсыну мерзімі 2017 жылдың 1-қыркүйегіне дейін. Ұйымдастыру комитеті көрсетілген мерзімнен кешіккен немесе талапқа сай емес материалдарды жинаққа қоспауға құқылы. Мақала мазмұнына автор жауапты. Автор мақалаларды өзі толық редакциялап, грамматикалық және стилистикалық қателер жібермеуі тиіс. Ұйымдастырушы тарап мақалаларды іріктеу арқылы жинаққа енгізетін болады.

Конференцияға жіберілген материалдарды қабылдайтын комиссияның электронды мекенжайы: salima.simbaeva@mail.ru; gulnur_sb_8@mail.ruk; kusmanova_2014@mail.ru - аймақтық конференцияға.


Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар:

  • Материал Times New Roman шрифтімен (14 рt), 1 аралық интервалмен, жол жиегін барлық жағынан 20 мм қалдырып, Word мәтіндік редакторында басылған 3-5 парақ аралығында болуы керек;
  • Жол ортасына бас әріптермен баяндаманың тақырыбы, 1 интервалдан кейін автордың аты-жөні мен тегі, жұмыс орны, ұйым атауы жазылады, 1 интервалдан кейін мәтін жалғасады;
  •  Сілтеме мәтінде кездесу ретіне сәйкес тік жақшада [1, 15-б.], әдебиеттер тізімі мәтін соңында беріледі;
  • Файл автордың фамилиясымен аталады.

Конференцияға қатысушылар үшін ұйымдастыру жарнасы 2,500 теңге. Халық банкі, Карточка номері: 6762003511734278 (Гүлнұр Сағанаева).

Басқа қаладан келіп қатысамын деушілерге: іссапар шығыны қатысушы тараптан.

Байланыс телефондары: 8(7232) 540392 (қазақ және орыс тілдері кафедрасы), 87776728906, 87476610849, 87051002267.

Ұйымдастыру комитеті